Қарағандыда баланың шашынан тартып, күш көрсеткен балабақша қызметкері жұмыстан шығарылды
Қарағандыда бүлдіршіннің шашынан тартқан тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шығарылды. Бейнежазба әлеуметтік желілерге тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова «Арман» балабақшасының қызметкері жұмыстан босатылғанын хабарлады. Ол жүргізілген қызметтік тергеудің нәтижелерін айтты.
«Тәрбиешінің көмекшісі Қазақстанның Еңбек кодексінің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылды. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша онымен еңбек шарты бұзылды. Балаларға қатысты физикалық, моральдық және психологиялық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді. Кез келген дөрекілік пен педагогикалық әдепті бұзу жұмыстан босатылғанға дейін заң шеңберінде қаралады», – деп атап өтті Қожахметова.
Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымның директорына қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылғаны белгілі болды.