BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда бензин мен дизельді шетелге тасымалдауға тыйым салынады

Қазақстанда бензин мен дизель отынын шетелге әкетуге жаңа тыйым салынады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Тыйым төрт ай мерзімге салынды.

«Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрыққа сәйкес көліктің кез келген түрлерімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ТН ВЭД ЕАЭС 2710, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан төрт ай мерзімге әкетуге тыйым салынады. Тыйымға майлар (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) кірмейді.», – деп мәлімдеді Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті .

Мәлімдеме сәрсенбі күні жасалды.

Бірлескен бұйрық 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаңтар айында бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, бірақ ол тек автокөлікпен әкетуге қатысты еді.

Back to top button