BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық шекарашылар қаңтар айында қос азаматтығы бар 54 адамды анықтады

Шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан азаматтығы мен өзге елдің азаматтығын алған 54 адамды анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі өткізу пункттерінде қос азаматтығы бар тұлғалардың шекарадан өтуінің 54 дерегін анықтады. Құқық бұзушылықтың басым бөлігін Ресей, Түркия және Қытай азаматтары жасаған», – делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандар қосымша тергеу үшін полицияға жіберілген.

Back to top button