BasNewsЖаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды
ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы 2023 жылғы 14 ақпанда Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қамау мерзімі екі айға ұзартылды.
«2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты», – делінген хабарламада.