BasNewsЖаңалықтар

Алматыда екі оқушы бір аптадан бері табылмай жатыр

Алматыда 7 ақпанда екі оқушы жоғалып кетті. Еріктілер мен полиция оларды іздеуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

7 ақпанда 14 жастағы екі бала Алматының Бостандық ауданындағы № 63 мектептен (Әбіш Кекілбайбайұлы көшесі, 88) шығып, үйлеріне оралмаған.

Еріктілер бұған дейін жасөспірімдердің бірінің жоғалғаны туралы хабарландыру жариялаған болатын. 14 жастағы балалар бір аптадан бері табылмай жатыр.

«Іздеу жалғасуда. Полиция ешқандай ақпарат берген жоқ. Балалар ашық жерге барады. 7 ақпанда олар мектептен бірге шығып, досының туған күніне барған. Сол уақыттан бастап олар үйге оралмады. Еріктілер іздеуге көмектесуде. Оларды қалада көргендер көп екенін, ашық жүргендерін, неге оларды әлі таба алмай жатқандарын түсінбейміз», – деді жасөспірімдердің бірінің анасы Динара Төбеева.

Алматы полициясы Бостандық ауданының полиция басқармасымен бірге іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Жасөспірімдерді іздеуге қылмыстық және ювеналды полиция бөлімдерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта балалардың орналасқан жерін анықтауға және оларды үйлеріне қайтаруға бағытталған іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Жұмыс нұсқаларының бірі бойынша балаларда бәрі жақсы, олар тірі»,-деді Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Жасөспірімдердің орналасқан жері туралы білетіндердің барлығы көрсетілген телефондардарға қоңырау щалып,  полицияға жүгіне алады.

Back to top button