BasNewsЖаңалықтар

Алдағы үш күнде елде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді, батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронтал бөліктер әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады.

«16-18 ақпанда оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман күтіледі. Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады», – делінген хабарламада.

Back to top button