BasNewsЖаңалықтар
Елбасы туралы заңның конституциялық күшi жойылды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» заңға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорда жариялады.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды», – делінген хабарламада.