BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте жолаушы таксиде босанды
Шымкентте такси жүргізушісі жолаушыларының біріне босануға көмектескен, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Otyrar басылымына сілтеме жасап.
Қаладағы такси сервисінің жүргізушісі Алиер Маккамовтың сөзінше, ерекше жағдай кешкі 18:00 шамасында болған. Әдеттегідей кезекті тапсырыстардың біріне барған екен. Кейін көлікке екі баласы бар әйел отырыпты. Алайда жолда әйелдің толғағы басталып, босанып қалған.
«Мен оған перзентханаға баруды ұсындым, бірақ ол бас тартып, тезірек үйге бару керегін айтты. Сол кезде жедел жәрдем шақырып, күту керек деген шешім қабылдадым. Бірақ әйелдің суы кете бастады», – дейді такси жүргізушісі.
Жолаушы таксидің салонында босанған. Ал жедел жәрдем бала туған соң ғана жетіпті. Сәби мен анасының жағдайы жақсы.