BasNewsЖаңалықтар
Атырауда ит талаған сегіз жасар бала жансақтау бөліміне түсті
Атырауда 15 ақпан күні сегіз жасар баланы ит талады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Басы мен аяғы таланған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының Atpress.kz басылымына хабарлауынша, 2015 жылы туған бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты.
Куәгерлердің айтуынша, баланы ит талаған.