BasNewsЖаңалықтар

Көкшетауда жанармай бекеті өртеніп, оператор тірідей жанып кетті

Көкшетауда жанармай құю станциясында жарылыс болды. Алапат өртте бекеттің 34 жастағы операторы ажал құшқан, – деп хабарлайды Basnews.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға таңертең Бірлік ықшамауданында орналасқан бензин құятын станцияда болды. Цистернасы лық толы екі жүк көлігі келіп, жағармайды арнайы орынға құю кезінде өрт шығып, сол жердегі бекеттің күлі көкке ұшқан. 1988 жылы туған оператор сол жерде жан тапсырды. Жүк көліктерінің де түгі қалмай жанып кетті. Ал жүргізушілері аман.

Алапат өрт сол жердегі қоймаларға тиіп кетуі де мүмкін еді. Өршіген өртті сөндіруге 11 арнайы техника мен 40 құтқарушы қатысты.

“Төтенше жағдай департаментінің анықтау органы  Қылмыстық кодекстің 292-бабына сәйкес тергеу жүргізуді бастады. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себебі, кінәлілер тек содан кейін белгілі болады. Тергеу ісіне байланысты басқа ақпарат бере алмаймыз”, – дейді  Ақмола облысы ТЖД бастығы орынбасарының міндетін атқарушы Әсет Жақсылықов.

Back to top button