BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте улы сұйықтық шашқан

Павлодарда 9-сынып оқушысы мектепте улы сұйықтық шашқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Білім ошағынан 310 адам дереу сыртқа шығарылды. Оқиға Қалқаман кентіндегі мектепте болған. Полицияның хабарлауынша, оқушы бұрыш спрейін шашқан. Бұны мектептегі бейнебақылау камерасы арқылы анықтаған. Аталған іске байланысты полиция оқушының заңды өкіліне іс қозғады.

“Қазіргі таңда аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 435-бабымен іс жүргізілуде. Жинақталған құжаттардың барлығы сотқа жолданады”, – дейді Ақсу қалалық полиция басқармасының орынбасары Темірбек Шаудыров.

Back to top button