BasNewsЖаңалықтар

Жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқ ұсталды

Төлеби ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы «DAEWOO NEXIA» маркалы көлікті 1 200 000 теңгеге сататынын айтқан, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Көлікті қарап шыққан тұрғын, оны сатып алмақ болып келісіп, сол мезетте 1 200 000 мың теңгесін берген. Алайда сатушы бір-екі тірлігі барын айтып, біткен соң автоЦонда кездесіп, аударуға уағдаласқан. Соңында әйел алданғанын біліп, ақшасын алып жоқ болған, түрлі сылтау айтқан күдіктіні ұстауға көмек сұрайды.
Оқиға бойынша іске кіріскен полицейлер тыңғылықты тексеру амалдарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары сезіктінің жеке басын анықтап, ер адамды полицияға жеткізді. Ол орта жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Тексеру кезінде көлік тіпті күдіктінің өзінікі болмай шықты. Яғни алаяқ аталған көлікті Шымкент қаласындағы автотұрақтардың бірінен жалға алған. Содан ақша қажет болып, соңында сату туралы жалған ақпаратпен ақшалы болған.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Back to top button