BasNewsЖаңалықтар

БҚО-да тікұшақ апатынан 4 адам қаза болды

БҚО-да тікұшақ апатынан 4 адам қаза болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, тікұшаққа төтенше жағдайлар министрлігінің іздестіру тобы жеткен. 4 адам қаза тапты, 2 адам жарақат алды.

«Азаматтық авиация комитеті тікұшақтың жерге соғылып қонуы кезінде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.
23 ақпанда сағат 15:50-де Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылынан 6 шақырым жерде «Қазавиақұтқарудың» 2022 жылы шығарылған Ми-8 АМТ тікұшағы жерге қатты соғылып қонды.
МИ-8 АМТ Атырау – Орал – Атырау бағытымен «Қазтрансойл» АҚ тапсырысы бойынша мұнай құбырын ұшып тексерген.
Бортта 6 адам – 5 экипаж мүшесі және «ҚазТрансОйл» АҚ өкілі болған. Төрт экипаж мүшесі көз жұмғаны хабарланды. Екі адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің тергеу департаменті тексеру жүргізеді.
Back to top button