BasNewsЖаңалықтар

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы сапары 28 ақпанға жоспарланған.

«Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э. Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Back to top button