BasNewsЖаңалықтар

Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,15 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 449, 14 теңге.

Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 73 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 450 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 449,5 теңге.

Back to top button