Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі
Тайландта қаза тапқан отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі ертең елге жеткізіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісіАстана арнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында жол апатынан қайтыс болған. Бұған дейін әнші Дархан Жүнісбековтің продюсері қаржы жинап жатқаны туралы хабар тараған еді.
Айбек Смадияровтың айтуынша, жиналған қаражат марқұмның туыстарына беріледі. Ал мәйітті жеткізу шығынын компания өз мойнына алды. Тайландтағы шығындарды отандасымыздың достары төлеген.
“Отандасымыз Дархан Жүнісбековтің денесі 28 ақпан күні Алматыға Air Astana компаниясының Пхукет-Алматы рейсімен жеткізіледі”, – дейді ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.