BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы 3,5 теңгеге арзандады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 3,55 теңгеге төмендеп, 442,11 теңге болған. Айта кетейік, доллардың 1 наурыздағы ресми бағамы – 445,82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 442,85 теңге, сату – 446,56 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 441,40 теңгеден сатып алынып, 444,89 теңгеден сатылып жатыр.