BasNewsЖаңалықтар
Арал теңізінің деңгейі 48 см-ге дейін көтерілді
Мамандар Арал теңізіндегі қазіргі су деңгейі 48 см-ге дейін көтерілгенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арал – Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов айтуынша, осы уақытқа дейін Солтүстік Арал теңізіне жиналған су көлемі 27,0 млрд.текше метрден, 18,5 млрд. текше метрге азайып, су деңгейі 40,42 мБЖ (метр Балтық жүйесімен) дейін төмендеген болаты
2022 жылдың қазан айынан бастап бүгінгі таңға теңіздегі су деңгейі 40,90 мБЖ немесе 48 см-ге дейін көтеріліп, жиналған су көлемі 19,7 млрд. текше метр болды.
Былтыр жыл көлемінде Аралға 816 млн. м3 су түссе, биыл 2 айдың өзінде 803 млн. м3 жиналды.