BasNewsЖаңалықтар
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде үйіндінің астынан құтқарылған қазақстандық үйіне оралды
Түркиядағы жер сілкінісі кезінде құтқарылған қазақстандық Сабина Мамедьярова үйіне оралды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Қыз түсініктеме беруден бас тартады және оны мазаламауын сұрайды.
«Ол ауруханада болған кезде консул онымен үнемі байланыста болды. Туыстары қызбен бірге болды. Сабина Қазақстанға оралды. Бірақ оны мазаламауларын өтінді. Ол ешқандай түсініктеме бергісі келмейді», – деді Айбек Смадияров брифинг барысында.
Сабина Мамедьяроваға Адана қаласындағы мемлекеттік ауруханасында қолына ота жасалды.