BasNewsЖаңалықтар
Петропавлда мектепте жасөспірім шабуылынан жарақат алған оқушылардың жағдайы белгілі болды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров №4 мекте жасөспірімнің шабуылынан жарақат алған оқушылардың қазіргі жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Әкімнің сөзінше, қазір оқушылар ауруханадан шығарылған.
«Бүгінде стационарлық ем қабылдау үшін ауруханадан шығарылды, жағдайлары тұрақты. Дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы үйден оқуға кеңес берді. Бұл сұрақ үнемі бақылауымызда», – деді ол үкімет отырысында.
Жасөспірімнің шабуылы салдарынан үш бала жарақат алды, оның екеуі жансақтау бөліміне түскен.
Еске салайық, 13 ақпанда Петропавлдағы №4 мектепте психиатриялық есепте тұрған оқушы өзімен балта алып келіп, оқушыларға шабуыл жасаған.