BasNewsЖаңалықтар

Оралда судья жұмыс орнында көз жұмды

Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Мой город” сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде расталды.

«Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ», – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 9:48-де түсті.

«1968 жылғы ер адам кенеттен жұмыс орнында ауырып қалды. Жедел жәрдем шақырған адамның сөзінен ер адам есінен танып,құлап қалды», – делінген хабарламада.

Back to top button