BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағамы тағы 4 теңгеге көтерілді
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,82 теңгеге көтеріліп, 445,98 теңге болады. Айта кетейік, доллардың 10 наурыздағы ресми бағамы – 441,12 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,93 теңге, сату – 454,24 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,86 теңгеден сатып алынып, 453,02 теңгеден сатылып жатыр.