BasNewsЖаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша елдегі коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші туралы ақпарат ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте республикада COVID-19 инфекциясын жұқтырған 109 адам тіркелді. Алдыңғы күні 86 болса, 13 наурызда 44 болған еді.

15 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 664+ және 185 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 718 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 3 адамның жағдайы ауыр;
  • 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Back to top button