BasNewsЖаңалықтар
Беларусьтен келе жатқан жүк пойызы Алматы облысында рельстен шығып кетті
Алматы облысында Беларусьтен келе жатқан пойыздың төрт вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ресми сайтында мәлімдеді.
«Қопа станциясында контейнерлері бар төрт вагон рельстен шығып кетті. Пойыз Беларусьтен Алтынкөл станциясына қарай келе жатқан», – делінген хабарламада.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға пойыздар қозғалысына әсер етпеген. ҚТЖ-да апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрылды.