BasNewsЖаңалықтар
«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.