Түркістан облысында жоғалып кеткен бесінші сынып оқушысының денесі табылды
Түркістан облысында 25 наурыз күні жоғалып кеткен бесінші сынып оқушысының денесі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 қызметкері, 1 квадрокоптер, 7 техника және 5 сүңгуір, 2 су көлігі, 1 техника, 20 адам, Полиция департаментінен 4 техника, 2 қызметкер, 1 дана Іздестіру-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдардың техникасы тартылды.
«30 наурыз күні сағат 10:10-да оқиға орнынан 11 шақырым жерде ТЖД Арнайы жасақ бөлімінің күштері із-түзсіз жоғалғандардың мәйітін тауып, судан шығарды», деді Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 25 наурызда шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған еді.