Азаматтарға медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсетуде құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сенім телефоны жұмыс істейді

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметінің ашықтығын және ақпараттың қолжетімділігін іске асыру мақсатында Департаментте сенім телефоны қолданысқа енгізілді, ол бойынша азаматтардың медициналық және фармацевтикалық қызметтер көрсету саласындағы бұзушылықтар, атап айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер көрсету сапасы және дәрілік қамтамасыз ету қағидаларын бұзу мәселелері бойынша жүгінуге мүмкіндігі бар. Халықты ақпараттандыру мақсатында жергілікті телевизия бойынша баяндамалар ұйымдастырылады, Департаменттің ресми сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде Департаменттің қызметі туралы өзекті ақпарат тұрақты түрде жарияланады. Департамент Шымкент қаласының медициналық және фармацевтикалық қоғамдастығының қатысуымен офлайн және онлайн форматтарда семинарлар өткізеді.
Бүгінгі күнге, халық арасында, әсіресе жастар арасында «дәріханалық есірткіге» жататын күшті әсер ететін препараттардың қолдануы кең таралуына байланысты Департамент Шымкент қаласының Полиция Депаратаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, бірқатар шараларды ұйымдастыру жоспарлануда, оның ішінде Шымкент қаласының фармацевтикалық қызмет субъектілері арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды, күшті әсер ететін препараттарды рецептсіз сатқаны үшін қауіптер мен жауапкершілік туралы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, аталған дәрілік заттарды заңсыз өткізу фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізу, ҚР 05.07.2014ж. № 235 – V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау.