Жастар арасында «дәріханалық есірткіге» жататын препараттардың кең таралуына байланысты бірқатар шаралар ұйымдастыру жоспарлануда

Бүгінгі күнге, халық арасында, әсіресе жастар арасында «дәріханалық есірткіге» жататын күшті әсер ететін препараттардың қолдануы кең таралуына байланысты ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент Шымкент қаласының Полиция Депаратаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, бірқатар шараларды ұйымдастыру жоспарлануда, оның ішінде Шымкент қаласының фармацевтикалық қызмет субъектілері арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды, күшті әсер ететін препараттарды рецептсіз сатқаны үшін қауіптер мен жауапкершілік туралы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, аталған дәрілік заттарды заңсыз өткізу фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізу, ҚР 05.07.2014ж. № 235 – V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің талаптарына сәйкес құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау.
Департамент жеке және заңды тұлғаларға медициналық қызметтердің қолжетімділігі, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуі сапасы мәселелері бойынша тұрақты негізде әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетеді, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді өзектендіру туралы медициналық және фармацевтикалық қоғамдастығын хабардар етеді. Сонымен қатар, Департаменттің қызметі медициналық қызмет және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы салаларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға және уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге 526 өтініш түсті. Өтініштерді қарау нәтижесінде 253 лицензия және (немесе) қосымшасы, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметке 21 лицензия және (немесе) қосымша берілді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге/әкетуге келісуге 46 рұқсат берілді.



