Новости

Шымкентте тәртіп сақшылар нашақорлықтың алдын алу мен есірткіге қарсы бағытта дәріс өтті

Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан №6698 әскери бөлімінің клубында Әскери полиция бөлімшесі өкілдерінің қолдауымен және Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен әскери қызметкерлер мен сарбаздар арасында құқық бұзушылықтың, есірткі тұтыну мен нашақорлықтың алдын алу бағытында арнайы дәріс өткізілді.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Әкімшілік полиция басқармасының, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қатысты.

Қатысушыларға қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығы, әскери қызметкерлерге әрқашанда Отанды қорғау қорғау үшін дені сау азаматтардың және сарбаздардың қажет екендігі, зиянды әдеттерге бет бұрмау қажеттілігі жеткізіліп, олардың зияндығы мен заңда белгіленген жауапкершілік туралы толыққанды мәліметтер берілді. Іс-шара қорытындысымен шақырылған қызметкерлерге тыңдаушылар тарапынан қызықтыратын сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды. Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс.Аталған іс-шаралар кешені есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға және қоғамның есірткіге бейімделуінің әлеуметтік-мәдени факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Есірткі бизнесімен және нашақорлықпен күрес жүргізу тек қана құқық қорғау органдарының ісі деп қаралмауы керек, ол жалпы халықтың міндеті болып саналуы тиіс. Нашақорлықтың алдын алу үшін бұл іске барлық мемлекеттік органдарын, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарын белсенді тарту – онымен күрестің алғы шарттарының бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button