Түркістан облысы
Қоныс аудару
Түркістан облысынан 500 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді.
Еліміздің солтүстік аймақтарынан келген арнайы делегацияның Түркістан облысына жоспарлаған жұмыс сапары аяқталды.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының жұмыс берушілері Түркістан облысының тұрғындарына жәрмеңке өткізді. 4 өңірдің делегация құрамындағы 80-ге жуық жауапты өкіл ел аралап, облыстың 3 аймағында өткізілген жәрмеңкелерге қатысты. 4 ауылдық округтің жергілікті тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. Мемлекеттік бағдарламаларды бетпе-бет әрі қарапайым түрде түсіндіруінің нәтижесінде 3 күннің ішінде 500 отбасы, мүшелерін қоса есептегенде 2000-ға жуық түркістандық теріскейге көшуге ниет білдіріп отыр.