Түркістан облысы
Түркістандық каратэшілер Мароккода өткен рейтингтік турнирден қос жүлдемен оралды
Жуырда Морокконың Рабат қаласында каратэ спортынан WKF «Karate-1 Premier league» рейтингтік халықаралық турнирі өткен болатын.
Тартысты додада Қазақстанның намысын қорғаған Түркістан облысының споршылары ел мерейін үстем етіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Аталған турнирде түркістандық спортшылар – Әсел Қанай күміс жүлдеге ие болса, Абылай Төлтай қола жүлдені иемденді.
Осы ретте спортшыларды жан-жақты дайындап, шеберліктерін шыңдаған каратэден Түркістан облысының аға бапкері Боран Төлеевтің еңбегі орасан зор екенін айта кетейік.