Жаңалықтар

Шымкент: Жыл басынан жол ережесіне қатысты 82 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Шымкент қаласы бойынша үш айда 82352 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік   полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.

Атап айтқанда: темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 3129, жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 8279, көлік құралын мас халде басқарған – 288, қарсы бағытқа шыққан 163 тұлғаға хаттама толтырды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жүргізушілер арасында көп кездесетін жол қозғалысы ережесін бұзудың бір түрі – қауіпсіздік белдігін тақпау болып табылады.Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жыл басынан, яғни 2023 жылдың 1-қаңтарынан жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 8279 (сегіз мың екі жүз жетпіс тоғыз) жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды. Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқықбұзушылық 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынуға әкеп соғады. Осы ретте тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол үстінде көлік тізгіндегенде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

Бұдан бөлек, Шымкентте үш айда жол үстінде қарсы бағытқа шыққан 163 жүргізуші анықталды.  Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button