Шымкент: Тәртіп сақшылар оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша сауаттарын арттыруға атсалысып жатыр

«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында Қаратау аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторлары білім ордаларында дәріс өтіп, оқушылардың жол қауіпсіздігі бойынша сауаттарын арттыруға атсалысып жатыр. Мәселен, Ювеналды полиция тобының инспекторы Ж.Серикбаев №72 мектептің бастауыш сынып оқушыларына арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында LED экран арқылы көрнекіліктер пайдаланып, бүлдіршіндерге жол қозғалысы ережесін егжей-тегжейлі таныстырылды.
Полиция лейтенанты айтуынша, бала қауіпсіздігі – басты орында. Әрбір баланың мектептен тыс жерде жүргенде жол ережесін сақтау өте маңызды.
Осы ретте, оқушыларға көшеде және жолда жүру дағдыларын қатаң сақтап, жол ережесін жіті түсіндірдік. Сонымен қатар, көлік көп өтетін жерде жолды тек белгіленген орындарда және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту керектігін ескертіп, жол жүрісі ережелерімен таныстырдық. Балалар сабаққа белсенді қатысып, қауіпсіздік ережесі бойынша маңызды мағлұматтар алды,- дейді полиция лейтенанты.
Айта өтетін ақпарат, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» жобасы ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес республика көлемінде қолға алынған. Аталған іс шара Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы мектеп оқушыларын қатыстыра отырып, түрлі сабақтар өткізу арқылы жүзеге асады.
Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз жүруінің алдын алу бойынша іс-шара өткізді. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында жастар көп шоғырланатын орындарға рейд жүргізді. Шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлерімен түнгі уақытта ата-анасының бақылауынсыз жүрген 140 жасөспірім анықталды. Атап айтқанда: ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша 83 баланың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды.



