Жаңалықтар

Шымкентте жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 3 мыңнан аса жүргізуші жауапқа тартылды

Рейдтік шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Кезекті іс-шараның қорытындысы бойынша ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен үш ай ішінде жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған 3129 жүргізуші жауапқа тартылды.

Нәтижесінде, автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жол үстінде ұялы телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Осындай рейдтік шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалыс ережелерін сақтауға, адам өмірі мен денсаулығын жоғалтқандарды еске алуға шақырады.

Сондай-ақ қала аумағында үш айдың ішінде терезелері күңгірттелген 617 автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті (тәулік бойы) қызмет атқарады. Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес (5) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Полиция қызметкерлері терезенің жарық өткізу талаптарының (нормаларынан) асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button