Жаңалықтар

Шымкент: Электронды темекі – қаупі зор бәлекет

Электронды темекі шегу, әсіресе, жастардың арасында күннен-күнге сәнге айналуда. Өйткені, электронды темекілер кәдімгі шылымға қарағанда зияны аз деп насихатталады. Шынында олай емес екенін зерттеулер дәлелдеді, себебі электронды темекінің кәдімгі темекіден зияны артық болмаса кем емес. 

«Қазір ересектердің ермегіне айналған электронды темекіге оқушылар да әуестеніп барады. Мұндай темекіні балалар дүкеннен еш кедергісіз сатып алады. Бұл – қауіпті жағдай», деді Президент.

Шымкент қаласындағы №58 мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу болды.

Кездесуде балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны К.Оспанова сабақ өтті.

Аталған дәрісте жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, түнгі уақытта, яғни, сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығы кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Сондай электронды темекінің зиндылығы бойынша ақпарат оқылды. Электронды темекі – ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің бір түрі. Қыздырылатын табак қарапайым темекіден де қауіпті. Электронды темекі құрамында никотин, көмір қышқыл газы, көміртек тотығы, көгеретін қышқыл, аммиак, шайырлы заттар, органикалық қышқылдар сияқты 30-дан астам улы зат бар. Электронды темекі адам өкпесін ірітіп жібереді. Бұған  дәлел ретінде, Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын дәлелдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button