Жаңалықтар

Шымкент: Полиция қызметкерлері балалардың қатысуымен үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес, республика көлемінде «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» іс шарасы қолға алынып жүзеге асуда.

Мектеп инспекторлары тәрбие берудің бір жүйесі ретінде өз жұмыстарын атқарып келеді. Аталған шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін сақтауға дағдыландыру. Сондай-ақ жеткіншектердің оқыс жарақат алуы мәлселелеріне жүргізушілердің, ата-аналардың назарын аудару.

Осыған орай, «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция тобының инспекторы П.Маймақова Шымкент қаласындағы №12 «Дарын» мектебінің оқушыларына аталған тақырыптағы дәрісте жол қауіпсіздігін толығырақ түсіндірілді.

Полиция майорының сөзінше, «Аталған сабақта қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететіні салдарынан бұзылады. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Ювеналды полиция қызметкерлері үнемі кең ауқымды профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.

Қазіргі таңда қала көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау аса маңызды. Осыған орай, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Көп жағдайда спирттік өнім тұтынып көлік тізгініне отыру, ашу үстінде жолға шығу, межелі жерге уақытынан кеш шығу немесе жылдамдықты шамадан тыс асыру сынды жағдайлар көбіне жол-көлік оқиғаларына алып келіп жатады.

Адам өміріне қауіп төндіретін оқиғаларға жолдағы немқұрайлылық пен салғырттық себеп болуда. Барлық көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, мұқият болуға шақырамыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button