Жаңалықтар

Шымкент: Өрт сөндірушілердің арасында кроссфит өтті

Кроссфит-бұл күш пен төзімділікке арналған жаттығулар бағдарламасы. Ал өрт сөндіруші және құтқарушылар мұндай жаттығуларды күнделікті жасайды. Өйткені олардың қызметі  шыдамдылықты, қайсарлықты талап ететін іс-қимылдардан тұрады.Ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндірушілер қызметі. Бейбіт күннің батырлары – өрт сөндірушілердің құрал-саймандары, дайындықтары үнемі сақадай сай.

Шымкент қаласының өрт сөндірушілер арасында «Кроссфит» өткізілді. Өртке қарсы кәсіби күрес ерекше дене дарындығын талап етеді және бұл істе негізінен табыс, осы өрт сөндірумен айналысатын адамдардың даярлығының болуына негізделген. Өрт сөндірушілер кез – келген тапсырмаларға дайын болуы, керек-жарақтарды үйрету, зардап шегушіні тасымалдау, есіктерді, терезелерді қағу, түсу, жүгіру, осы қозғалыстардың кез-келген комбинациясы. Осының барлығы киім-кешекпен, яғни жүктемемен орындалады және жағдайға байланысты міндетте кезкелген ретпен пайда болуы мүмкін, сондықта өрт сөндірушілер барлығына дайын болуы тиіс.

Осыған орай, Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің кезекші қарауылдары арасында физикалық дайындықтары мен шыдамдылықтары бар мықтыларды анықтау үшін көп сайысты күш сынасудан (кроссфит) жарыс өткізілді.  Өрт сөндіру кроссфиті – бұл шыдамдылық пен күшке арналған, негізінде аэробты, гимнастикалық және ауыр атлетика жаттығуларынан тұратын бағдарлама. Салмағы 10 кг болатын арнайы киімді, сондай-ақ 10,5 кг құралған газ-түтіннен қорғау аппаратын киіп орындалатын бұл жаттығулар нағыз батыл жандардың ғана қолынан келетін шаруа. Ал өрт сөндірушілер осы қалыпта қауіпті қызметтерін күнделікті атқаруда.

4 кезекші қарауылдан 4 өрт сөндірушіден тұратын командалар қатысқан бұл сайыста зіл темірді көтеру, доңғалақтарды көтеру, жылжыту, түтікқұбырды сегіздік әдісімен жинау, турникке тартыну, бойынша күш сынасты.  Күш пен төзімділікке негізделген бұл сайыста өрт сөндірушілеріміз бірінен бірі артық түсті десекте болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button