Жаңалықтар

Шымкент қаласының аумағында жер сілкінісіне дайындық деңгейі

«Оңтүстік » телеарнасының «Таң нұры» бағдарламасында Шымкент қаласының аумағында жер сілкінісіне дайындық деңгейі туралы тікелей эфирде айтылды.

Бас спикер болып Шымкент қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Нұржан Қаракөзев сөз сөйледі. Баяндамада болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде тартылатын азаматтық қорғау органдарының күш және құралдарының дайындығы көрсетілді.

Қала аумағы сейсмикалық белсенді аймаққа жататындығын ескере отырып, сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу туралы ұсыныс берілді. Бұл мәселені талқылау барысында барлық қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимыл алгоритмі нақтыланып бекітілді.

Жер сілкінісінің салдарын жою, авариялық- қалпына келтіру, іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған алгоритмге сәйкес қосымша тартылатын күш және құралдарының саны нақтыланды. Сонымен қатар қаладағы тұрғын үйлерді сейсмонығайту жұмыстары да алға тартылып, қала әкімі тарапынан құзыретті органдарға тапсырмалар берілді.

Жер сілкінісі орын алған жағдайда халықты қауіпсіз аймаққа жинау үшін жмналу эвакуациялық пункттері құрылып, оларды 2ГИС мобильді қосымшасына енгізілгендігі туралы да баяндалды.

Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы әрекет. Жер сілкінгенін ғимараттың шайқалғанынан, шамдардың теңселгенінен, ыдыс-аяқ пен әйнектердің сылдырынан, күшейіп жатқан гуілден білуге болады. Бұл жағдайда ең бастысы – үрейге бой алдырмау. Жер сілкінісі кезінде ең қауіпсіз жер – ғимараттан алыс көше мең алаң. Сондықтан, бірінші дүмпуден кейін тез және қысқа жолмен далаға шығу керек. Өздігімен жүре алмайтындарға қауіпсіз орынға шығуға көмек берген дұрыс. Бұл жағдайда заттарды жинауға уақыт кетіруге болмайды. Мүмкін болса, тек құжаттар мен ақшаны алған дұрыс. Лифтті пайдалануға тыйым салынады. Төменге баспалдақпен не өрт сатысымен түсу қажет. Мұндай жолмен ғимараттан шығу мүмкін болмаса төсек жаймасынан арқан жасап, оны жылу батареясына байлаңыз да, терезеден түсуге болады. Бұл – балалар мен зардап шеккендерді құтқарудың тиімді тәсілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button