Шымкент: Көпқабатты үйдің жертөлесінде «Фитозертхана» ұйымдастырған қала тұрғыны ұсталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсірген келген жергілікті тұрғынды ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында өзі тұратын көпқабатты үйдің жертөлесінде «фитозертхана» ұйымдастырған 44 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Белгілі болғандай, ол бірінші қабаттағы пәтерінің ас бөлмесінен көпқабатты үйдің жертөлесіне қарай өтетін жасырын есік жасап, онда арнайы есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған бөлмені дайындап, арнайы құрал-жабдықтармен жабдықтап, қалыпты температураны және тиісті желдетуді қамтамасыз етіп, тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсірген келген.
Тексеру барысында аталған орыннан құмыраларға отырғызылған 4 дана есірткі өсімдіктеріне ұқсас өсімдіктер анықталып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның есірткінің «сора» тұқымына жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 2,5 кг жуық екендігі анықталған.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған есірткі өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Нашақорлық мәселесі жалпыға бірдей маңызды, бүкіл әлем қазіргі қоғамның ауруымен күресуде. Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алудың ең қарапайым, тиімді және қолжетімді профилактикалық әдісі балалармен белсенді түсіндіру жұмыстары болып табылады. Осы мақсатта полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің оқушыларымен есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы профилактикалық дәрістер мен әңгімелер өткізеді. Нәтижесінде жастардың есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасы қалыптасады. Полицейлер есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында сайттарды, форумдар мен әлеуметтік парақшаларды анықтау бойынша интернет-кеңістіктің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.



