Шымкенттік тәртіп сақшылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Жалпы заңда зорлық-зомбылықтың төрт түрі көрсетіледі. Олар: Психологиялық, экономикалық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық. Осының ішіне ең көп кездесетіні – психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады.
Психологиялық зорлық-зомбылққа әйел адамдар көп ұшырайды. Өйткені бұл жерде денеге нақты жарақат келіп жатқан жоқ, еш жері ауырып жатқан жоқ, зақымданған жоқ. Олар ішінде сақтап, үндемей жұтып жүре береді. Психологиялықтың арты жаман. Олар артынан өздеріне қол жұмсаулары мүмкін. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастыруда.
Осы тұста Еңбекші аудандық Полиция басқармасының Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Төребай Әсел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша «Алатау» базарына арнайы барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.
Сондай-ақ, полицейлер тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, полиция қызметкерлері қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.
Біздің заманауи дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды – онысы бекер. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар.



