Жаңалықтар

Шымкент: 27 жастағы азамат есірткі сақтағаны үшін жазаланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есіркінің таралуы – болашақ ұрпақтың жағдайына қауіп төндіретінін атап өткен болатын. 

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 27 жастағы Түркістан облысының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты.

Ол қаладағы көшелердің бірінде оралған есірткі затын тауып алған, содан оның есірткі екенін біліп, жеке өзі пайдалану үшін қалтасына салып алған. Алайда, оның ойы іске аспай, полиция қызметкерлерімен анықталып, тәркіленіп алынды. Бұл қылмыстық іс сотқа жолданған.

Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, бұрын өзі есірткі затын қолданғандықтан, тауып алған затты өзі қолдану мақсатында қалтасына салғанын айтып, бұл үшін қатты өкінетінін көрсеткен.

Сот үкімімен ер-азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігінде (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 61 260 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Осы мәселеге орай, Шымкент қаласы Полиция департаменті оқу орындарында кездесулер ұйымдастырып, жат әдеттерден аулақ болуға шақырып келеді. Әл-Фараби жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Психология ғылымдарының докторы гештальт психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, мектеп инспекторлары полиция капитаны Ауелов Марлен Тұрғанбекұлы және полиция майоры Ирисбеков Рахымжан қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button