Жаңалықтар

Шымкент: Темекi шегушiлiктiң таралуының алдын алу

Қазақстанда шылымның кесірінен жыл сайын 18 мың адам көз жұмады екен. Дегенмен, соңғы жылдары жағдай жақсарып келеді. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын елімізде бұл көрсеткіш орта есеппен 25 мың адам болған. Мамандар бұны қазіргі таңда салауатты өмір салтын ұстанатындардың көбеюімен және темекі өнімдеріне салынатын салық түрлерінің артуымен байланыстырады. 

Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласындағы №8 мектепте оқушылармен кездесу өтті.

Іс-шарада Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімшесі инспекторы полиция майоры Хабибулла Юсупов балаларға құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша сабақ өткізді. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың алдын алу, темекі оның ішінде электронды шылым, есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар және сабаққа кешігу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ түнгі уақытта яғни сағат 22:00-ден кейін ойынхана мен кафе, кинотеатр мекемелерде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері туралы ескертті. Тәлім мен тәртіптің маңыздылығын кеңінен талқыланып, қылмыс пен құқықбұзушылықтар үшін қарастырылғанын жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Кездесу аясында полиция майоры Х.Юсупов қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.

Жиынға қатысқан оқушылар мамандардан темекінің адам ағзасына қалай әсер ететінін сұрады. Мамандар темекі шегетін адамның өмірі орта есеппен 14 жылға қысқаратынын айтып отыр. Өйткені темекі түтінінің құрамында көп мөлшерде болатын химиялық заттар адамның барлық дене мүшесіне теріс, соның ішінде канцерогенді әсер етеді. Темекі шегу кезінде темекі түтіні тыныс алу жолдарына әсер етеді, бұл эпителий түгінің өлуіне, шырышты қабатының біртіндеп бұзылуына әкеліп соғады. Бұл процестер жөтелдің пайда болуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button