Жаңалықтар

Тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы жедел әрекет етті

Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына қала тұрғыны алғыс айтып, бейнежазба жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілепті.

«Мен, Иван Бабин, үйімнің алдында тұрған велосипедімді ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Таженов жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған затымды қайтартып берді. Сол себепті, тәртіп сақшысына өз алғысымды білдіремін. Жұмысына табыс тілеймін!» – деп шынайы ризашылығын жеткізді.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтарға қарсы тұрып, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым тұрғындарға заң шеңберінде қызмет көрсетіп, қоғамның тыныштығын сақтап келеді.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының тұрғыны күндізгі уақытта баласының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны бойынша Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының «102» арнасына хабарласып, жағдайдың жай-жапсарын жеткізген. Аталған жайт бойынша Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері лезде іздестіру шараларын ұйымдастырып, сол аумақтағы ойын алаңдары мен көшелерді аралады. Полиция қызметкерлерінің жұмысты жылдам ұйымдастыруының нәтижесінде бүлдіршін 20 минут ішінде сол маңдағы көшелердің бірінен табылды.  Өз кезегінде, бүлдіршіннің анасы ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары Н.Себаев пен А.Муратовқа кішкентай ұлын тауып бергені үшін алғыс айтып, ризашылығын білдірді. Осы орайда, тәртіп сақшылары тұрғындардан балаларды қараусыз, назардан тыс қалдырмауларын сұрайды.

Тағы бір қала тұрғыны Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығына алғыс айтып, бейнежазба жолдаған. Онда полиция қызметкерінің жедел әрі сапалы қызметіне риза болып, тәртіп сақшыларының жұмыстарына сәттілік тілепті. «Мен, Нұрбол Манабаев, үйімнің алдында тұрған сатымды ұрлап кеткені туралы арызданған болатынмын. Осы жайт бойынша Тұран АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Таженов жедел түрде әрекет етіп, қылмыстық істі ашып, ұрланған затымды қайтартып берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button