Жаңалықтар

Шымкент қаласының қан орталығында теледидар арқылы «Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-қимылдар» атты бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды

Шымкент қаласының Қан орталығында теледидар арқылы «Жер сілкінісі кезіндегі алғашқы іс-қимылдар» атты бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына  байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың  жекелеген аумақтық бірліктерінде (шағын аудан, тұрғын алабы) тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде  өткізілуде.

Орын алуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алуға және орын алған кездегі біздің атқаратын іс әрекетімізді толыққанды пысықтау мақсатында, қала әкімінің өкіміне сәйкес, жалпықалалық жер сілкінісіне даярлық оқу-жаттығуының жоспары түзілді.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары бойынша аралық ақпаратты назарларыңызға жеткізгім келеді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама берілуде (26-телеарна, 3-радио). Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында (Отырар, Ontustik, Хан TV, Айғақ) және әлеуметтік парақшаларда жарияланды.

Сондай-ақ, аталған бейнеролик Білім беру (138 мектеп), Денсаулық сақтау (10 емхана, 15 аурухана) мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына (Megaplanet, Nauryz park, Баян-сұлу, Шымкент плаза), әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілуде. «Shymkent-Bus» ЖШС қарасты 250 автобуста аталған бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілген электронды брошюралар әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, Telegramm, Whatsapp) жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button