Өрт сөндіруші және құтқарушылар балалардың қауіпсіздігін назардан тыс қалдырмайды

Балалардың қауіпсіздігі-басты орында. Өрт сөндіруші және құтқарушылар бұл бағытта күнделікті алдын алу шараларын жүргізуде. Балаларды қараусыз қалдыру, қауіпсіздік ережелерін түсіндірмеу, өрт қауіпті заттарды олардың қолдары жетпей орынға қоймау салдарынан көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кету жағдайлар жиі болып жатады.
Осы орайда Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақта «Отырар» телеарнасы журналистерінің қатысуымен арнайы сюжет дайындалып, жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау капитаны А. Туранов өрт сөндірушілердің қызметі, алдын алу шаралары, балалардың қауіпсіздігі туралы сұхбат берді.
Көпқабатты тұрғын үйде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар. Шымкент қ.ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік басқару пультіне сағат 16:32-де Әль-Фараби ауданы, Қонаев даңғылы бойында орналасқан 11 қабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері көп қабатты тұрғын үйдің 6-қабатында көлемі 3 ш.м. балкон қаптамасы жанғандығын анықтады. Өрт сағат 16:42-де оқшауланып, сағат 16:50-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің 14 қызметкері мен 4 дана техникасы жұмылдырылды.
Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін.
Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді.



