Жаңалықтар

Қала аумағындағы жалпықалалық сейсможаттығу кезіндегі практикалық іс-шаралар 3 кезеңнен тұрады

Шымкент қаласы әкімінің 2023 жылғы 31 наурыздағы №29-шы өкіміне сәйкес, қала аумағында 2023 жылғы 5 мамыр күні өтетін жалпықалалық сейсможаттығу кезінде практикалық іс-шаралар өткізілетін орындары:

I кезең 3 мамыр 2023 жыл

  1. Қауіпті өндірістік нысандарда;

2.Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасына қарасты барлық денсаулық сақтау мекемелерінде;

II кезең 4 мамыр 2023 жыл

  1. Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты барлық білім беру мекемелерінде;
  2. Шымкент қаласының 5 аудандық әкімдік ғимараттарында;
  3. Өмір тіршілігін қамтамасыз ететін нысандар «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Казтрансгаз» ЖШС, «Интергаз» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Қауатжылу орталығы» ЖШС практикалық іс-шаралар өткізіледі;

III кезең 5 мамыр 2023 жыл

  1. Қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер;
  2. №80,№35, №102, №122, 120,118 ЖОББМ және №65, №90 мектеп-гимназияларының базаларындағы эвакуациялық жиналу пункттерінің практикалық көрсетілімі;
  3. Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы,
    116 мекенжайында орналасқан 12 қабатты «Наурыз Парк» тұрғын үй кешенінен тұрғындарды эвакуациялау іс-шаралары практикалық түрде көрсетіледі. Азаматтық қорғау қызметтерімен жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдары тартылады.
  4. Жаңа Ипподром алаңында шатырлы қалашық құрылады. Оған, «Наурыз Парк» тұрғын үй кешенінен эвакуацияланған тұрғындар орналастырылады.
  5. Жаңа Ипподром алаңында Азаматтық қорғау қызметтерімен жедел әрекет ету жасағының күштері мен құралдарының көрсетілімі ұйымдастырылады.

Ағымдағы жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары келесідей өтеді.

Олар: қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында,
«Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама күні бүгінге дейін берілуде.

Қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланып, білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілді.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілген электронды брошюралар әлеуметтік желілерде жарияланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button