Жаңалықтар

Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар жоспары құрылды

2023 жылы Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы шомылу маусымын тиісті деңгейде өткізу мақсатында, келесідей іс-шаралар жоспарланды:

– жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдтік іс-шараларды көбейтіп, су айдындарында шомылуға тыйым салынған орындарда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту;

– су айдындарының қауіпті және демалуға және шомылуға жабдықталмаған учаскелерінде су айдындарына тыйым салатын және ескерту қауіпсіздік белгілерін орнату;

– каркасты-модульдік бассейндерді сатып алу және балаларды жүзуге үйретуді пысықтау;

– мектеп оқушыларының жазғы демалысқа шығуына байланысты, «Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «ата-аналар» топтарына жарнамалар мен бейнероликтер орналастыру жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыру.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Өткен жылы су айдындарында Республика бойынша 239 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 77 бала, сонымен қатар, шомылу маусымы кезеңінде 184 адам суға кетті, оның ішінде 62 бала. Шымкент қаласы бойынша 3 адам қаза болған, оның ішінде 2 бала. Шомылу маусымы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін департамент жергілікті атқарушы және құзырлы органдарымен бірлесіп, бірқатар іс-шараларды атқарды.

Қала әкімінің қаулысымен суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы барлық аквасаябақтар да шомылу маусымында жұмыс атқарды.

Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп өткен жылға балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 2000-ға жуық бала жүзуге үйретілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button