Жаңалықтар

Зертхана мамандары қаладағы ең ірі және күрделі өрттерге тартылады

Зертхана мамандары қаладағы ең ірі және күрделі өрттерге тартылады. Алайда, өртке шығу санының оң динамикасы өңірдегі елеулі өрттердің ұлғаюы туралы емес, сарапшылардың аспаптық базасын жетілдіру, оны өрт орындарын зерттеу кезінде қолдану және өрттерді ыстық іздер бойынша тергеу туралы куәландырады.

ГАЗ 27057-0034 маркалы автомашинаның базасында 19 сынақ, өлшеу, қосалқы аспаптар, «Шлиф» және «Альтами» (микроскоптар) 2 қондырғылары бар.

Бұл туралы зертхана мамандары арнайы ұйымдастырылған баспасөз-турында Отырар телеарнасының журналисттеріне сұхбат берді.

Балалардың қауіпсіздігі-басты орында. Өрт сөндіруші және құтқарушылар бұл бағытта күнделікті алдын алу шараларын жүргізуде. Балаларды қараусыз қалдыру, қауіпсіздік ережелерін түсіндірмеу, өрт қауіпті заттарды олардың қолдары жетпей орынға қоймау салдарынан көптеген қайғылы жағдайлар орын алуда. Әсіресе көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кету жағдайлар жиі болып жатады.

Осы орайда Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақта «Отырар» телеарнасы журналистерінің қатысуымен арнайы сюжет дайындалып, жасақ бастығының көмекшісі азаматтық қорғау капитаны А. Туранов өрт сөндірушілердің қызметі, алдын алу шаралары, балалардың қауіпсіздігі туралы сұхбат берді.

Өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары, алдағы өрт қауіпті, суға шомылу кезеңдеріндегі қауіпсіздік ережелері және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары тақырыптарында мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары азаматтық қорғау аға лейтенанты Ербол Нұрғалиев және М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты Нұрсұлтан Әшім «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат берді.

Азаматтық қорғау органдарының құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарының барлық спектрін, оның ішінде аса күрделі және қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүзеге асырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button