«Жас құтқарушы» іріктеу жарысында жас өрт сөндірушілер біліктері мен дағдыларын көрсетті

Дәстүр бойынша «Жас құтқарушы»мектеп үйірмелерінің жас құтқарушылары арасында іріктеу жарыстары басталады.
Абай ауданының ТЖ басқармасы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында Жас өрт сөндірушілер-құтқарушылар жарысын ұйымдастырды, онда төрт команданың балалары түрлі конкурстарда біліктері мен дағдыларын көрсетті.
Барлық қатысушылардың іс-қимылдарының үйлесімділігін балалар «Жауынгерлік қанат жаю» байқауында көрсете алды. Бұл кезеңде олар ептілік пен тапқырлық танытты. «Жауынгерлік киім кию» байқауына келетін болсақ, қатысушылар өздерінің жылдамдықтарын барынша көрсете алды. Мұнда қыздар жақсы нәтиже көрсетті.
Жарысқа қатысушылар тағы бір маңызды кезеңнен өтті. Бұл екінші қабаттың терезесіне шабуыл баспалдақтарымен көтерілу. Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Енді жеңімпаз командалар «Жас құтқарушы» қалалық слетіне дайындалады. Ал қалалық слеттің жеңімпаздары жас құтқарушылар арасындағы республикалық жарыста Шымкент қаласының намысын қорғайтын болады.
Тұран ауданы ТЖ басқармасы аудан аумағында орналасқан мектептердің арасында «Жас құтқарушы» үйірмелеріне қатысушылары арасында іріктеу жарыстарын бастады. Жиын мақсаты — жасөспірімдердің бойында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұра білу дағдыларын қалыптастыру.
Жас құтқарушылар өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарымен танысты. Жас құтқарушылар арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Жауынгерлік қанат жаю» , «Жауынгерлік киім кию» түрлері бойынша мектеп оқушылары өзара күш сынасты.
Төрешілер тапсырмалардың орындалу жылдамдығын, сапасын есепке ала отырып, қатысушылар еңбегін бағалады. Спорттық сайыстарда әрбір жас төзімділік пен жігер-күшін байқатты, әр команда алғы шептен көрінуге ұмтылды.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы былай деп өз ойын білдірді: «Сайыс жоғары бәсекелестік жағдайында өтті, жеңімпаздарды бағалау да оңайға түскен жоқ. Қатысушылар да, олардың жаттықтырушылары да жоғары талап тұрғысынан көрінуге мүдделілік танытты.



