«Суицидке жол жоқ» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын сақтау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді

Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы ұйымдастыруымен аудан аумағындағы өрт сөндіру бөлімдерін жұмылдыра отырып Абдусаттар Сманов мешітінің имамы Б. Шотабеков және жергілікті жауапты учаскелік полиция инспекторы Ш. Құнанбайұлы қатысуымен » Суицидке жол жоқ» және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын сақтау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізілді.
Суицидті болдырмау мақсатында тиісті мамандар жұмыс істеуде. Жастар орталығының мамандары да бұл істе бей-жай қалып жатқан жоқ.
Қатысушылар тың дерек-дәйектермен танысып, маңызды мағлұматтарға қол жеткізді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлемнің әрбір төртінші немесе бесінші тұрғыны психикалық күйзелісті басынан өткереді. Әлем бойынша ең жиі таралған психикалық аурулар – депрессия 26% әйелдер мен 12% ер адамдарда байқалған. Психикалық өзгерістердің 20 проценті балаларда кездескен.
«Адамның өзіне қол жұмсауына 5 фактор әсер етеді» Бірден айтайық: бұған негізінен рухани жағынан әлжуаз, жүйке жүйесі сыр бергендер барады. Күнделікті қайталана беретін күйбең тірліктің немесе ұрыс-жанжалдың салдарынан туындаған күйзелістен әбден жалыққандардың да соңғы әрекеті суицид болуы мүмкін. Қанша ғасырдан бері зерттегенмен, бұл салаға маманданған ғалымдар да оның негізгі себебін дөп басып айта алмай отыр. Бір белгілісі, өзіне қол салатындарға тән мінез-құлық, ұқсастықтар — болашаққа деген ешқандай үміт-сенімнің болмауы, жақын-жуықтарынан өзін оқшау ұстауы. Және олардың көзінің нұры тайып, ылғи көңілсіз жүреді…
Дөңгелек үстелде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



